30.05.2022
241
Ғабит Мүсіреповтың «Қазақ әйелі» кітабын көргенде
Ғабеңнің көріп бүгін суретін,
Көргендей жебегелі құдіретін,
Балаша босап жаным, егілді ғой,
Бас иіп әулиеме жүгінетін.
Жетті ме жетім зарым құлағына,
Тып-тыныш Кеңсайдағы тұрағына.
Жай-күйін сезу мендей тірі өліктің
Қиын ба қыран жүрек қырағыға!
Таудағы тағылымды күн сәттерінде
Жазылып қалған көңіл дәптерінде
Ғабеңнің ақыл-сырын жиі ақтарсам,
Бүгінде болмас еді-ау «әттеңім» де!
Сүйекті сырқыратып сары уайым,
Тағдырдың кездестіріп тар уағын,
Қараймын жаутаң қағып қайыр күтіп,
Тірідей шапағатты әруағым