30.05.2022
187
Шәкірт сыры
Қасиетті бесігім Арыстағы
Қиялымды жұлдыздай ғарыштағы
Жадыратып, жайнатқан бір өзіңсің
Кеудемді ашып арманға алыстағы!
Жырымның да алғашқы дәні сенде,
Махаббаттың балауса әні сенде,
Шәкіртіңде жақсылық болса егер
Түп-тамыры, қайнары – бәрі сенде!
Ақ сүт берген анадай сүйіктімсің
Айбынатын әкедей иықтымсың!
Жетпіс жылда мызғымай, Алтын ұям,
Ұрпақтарға ұлы нұр құйып тұрсың!
Көктеп жатқан тал шыбық көктемдерің,
Ердей кешіп замана өткелдерің,
Бәйтеректей қасқиып бой көтерсе,
Міне, бақыт, ақталған төккен терің!
Уа, мектебім, шалқитын кезің бүгін,
Бас ием де, баршаға өзім бүгін
Бәріңізге сыйлайтын перзентің боп
Жүректегі алқызыл сақта гүлін!