30.05.2022
  144


Автор: Бекен Әбдіразақов

Ақ томпағым, ақ моншағым, ақ жырым...

Ақ томпағым, ақ моншағым, ақ жырым,
Қайдан ғана кездестірді тағдырым?
Көңілсіздеу жүрегімнің сарайын
Жарқыратты жайнандаған ақ нұрың!
Періште ме ең гүл ұстаған қолыңа,
Әлде пері ме ең жолыққан бір сорыма.
Кім болсаң да от тастадың жаныма,
Басым тіктім, сенің қалқам жолыңа!..





Пікір жазу