30.05.2022
112
Ажарыңнан адасып қалғандаймын...
Ажарыңнан адасып қалғандаймын,
Жұтты ма екен тұмандай салған қайғың
Түсіме де кірмейсің, қинасам да,
Өңімде де өзіңмен жалғанбаймын...
Тітіреніп сен дегенде тұла бойым,
Етпетінен еңіреп жылады ойым.
Жақсылық пен жылылық ізін таппай,
Тығырыққа тіреліп тұрады ойым.
Сен де жетпей менімен арманыңа,
Көніп келген шығарсың салғанына.
Тағдыр өзі-ақ әкелді жол айрыққа,
Жауапты емес Құдай да қалғанына.