30.05.2022
  134


Автор: Бекен Әбдіразақов

Қашан түйдім осы ойды байқамадым...

Қашан түйдім осы ойды байқамадым,
Қанша мәрте күрсіне қайталадым?..
Жадымда жоқ, әйтеуір, жан күйзеле,
Біраз болды-ау басымды шайқағаным.
Қу тақырға гүл түгіл, шөп шықпайды,
Біреуге – атақ, біреуге – көпшік қайғы.
Жет атасын көрінде тек жатқызбай,
Қыр қопарып қазады өксіп сайды.
Ілінсе егер қолына бір сүйегі,
Жата қалып еңіреп мың сүйеді.
«Руыңмен у іш», – деп ұрандатып,
Ел-жұртының алдында дүрсінеді.
«Жылу» демей, «қорң дейді қорлағанда,
Тиын-тебен жинайды зорлағанда,
Басымақсып беделді сатып алар...
Жоқ-жұтаңдар сорлайды сорлағанда.
Бәйге тігіп, той жасап, ат шаптырып,
«Көсемдерің» қоқияр сақ-сақ күліп.
Тойы тарқап, ойланса жетесімен,
Дымы да жоқ, әншейін мақсат тырық!





Пікір жазу