30.05.2022
200
Желбіреп шымылдығым шақырмайды...
Желбіреп шымылдығым шақырмайды,
Жанымның шыңырауында жатыр қайғы.
Жалғыздық атты жылан буып алып,
Сусынды удан өзге татырмайды.
Сәт сайын солқылдатып меңдегенде,
Қарадай қаным қаңсып шөлдегенде,
Кемиді өмір жасым өксікпенен,
Бір емес, мың ғасырға кем дегенде,
Не қалды бұ дүниеде өлмегенде!...