30.05.2022
167
Таңмен бірге тағы да түрегелдім...
Таңмен бірге тағы да түрегелдім,
Күнге ілесіп үмітпен жүре бердім.
Талбесікте тербелғен сәби кезде
Үстімде еді-ау, қайтейін,
тілегі елдің!
Таңсық емес таңың да, күн де
бөлек,
Сол бір тірлік айналған
шыр көбелек!
Суға жалдап, тасқа ұрып
шөл кездірген,
Бәтуасыз дерт дерсің
бір кебенек!
Қайда барып, пайыздап паналайсың,
Сен беймәлім, жәутең көз баладайсың...
Жүрген ортаң сипамас мандайыңнан,
Қол созсам мен жанымды жаралайсың!
Тұрғандай ма, заманды
билеп тасыр,
Көзімді ашып-жұмғанша
сирепті асыл!
Келіп қалған шаң беріп
қыр астына
Қолдарына кімдердің
тимек ғасыр?!