30.05.2022
  110


Автор: Бекен Әбдіразақов

Сыр

Мен де шықтым алпыстың асқарына,
Қол созым жер Алланың аспанына.
Әзірейіл түкіріп алақанға,
Әзір жүр алуға шыбын жанды қас қағымда!
Үрейлі емес, бірақ та тіпті маған,
Жалғандығын бәрінің ұқты ма адам?..
Мені алғанмен, орныма тағы бірін
Туады ғой мәңгілік
жүкті ғалам!
Ғұмыр-сапар жалғасар
бір тынбастан,
Соны ойласам бүгінде
ұйқым қашқан.
Зар күйінде мызқақпай қалар ма екен,
Мамықтай жер, мөп-мөлдір
сүйкімді аспан!
Мен осыны қимаймын,
қимаймын да!
Өмірді содан-дағы сыйлаймын да!





Пікір жазу