30.05.2022
  134


Автор: Бекен Әбдіразақов

Шырқыраған шілдеңіздің аптабы...

Шырқыраған шілдеңіздің аптабы,
Бағбандай-ақ бау-бақшаны «баптады», –
Алма қағып, қауын үзген қарықтан
Күндерім-ай бақша менен бақтағы,
Көрмейтін күн патшаңыз да тақтағы.
Сүмбіледе шілде отыр бәсеңдеп,
Бойжеткендей жазда бойын әсемдеп, –
Жайнатпақшы жаратылыс-базаршы,
Сөрелерін сүртіп, сөзін әсерлеп,
Жарасымды-ақ жомарт жер мен әсем көк.
Көзім жұмсам көлбеңдейді бәрі де,
Ұшырағам қандай зауал кәріне, –
О, табиғат, ұлың ем ғой, сен деген
Жаутаңдатып қойдың неге дәріге?
Құшағыңа ап, қан жүгіртші тәніме,
Бойжеткендей бұлаңдасын бәрі де.





Пікір жазу