30.05.2022
111
Өмір жаңылтпашы
Тіршіліктен түңілдім,
Түңілдім де үңілдім,
Үңілдім де бүгілдім,
Опат болар бүгін кім?
Өмір-өлім алысып,
Алысып та жарысып,
Жарысып та қарысып,
Пенделер жүр жаны ұшып!
Қайда барып паналар,
Паналар да қамалар,
Қамалар да жаналар,
Қан алғасын жан алар!
Тірлік қайта жаңарар.