30.05.2022
  129


Автор: Бекен Әбдіразақов

Қайран елім-ай

«Ақ табан шұбырынды,
Алқа көл сұламадан»?
Қиратпай тұғырыңды
Құрдымға құламаған.
Қайран елім-ай,
Сайран жерім-ай!!!
Көгілдір аспаны бар,
Алтын жон даласы бар,
Таусылмас дастаны бар,
Ер туған бабасы бар.
Қайран елім-ай,
Сайран жерім-ай!!!
Мыңдаған ғасырлардан
Азаттық – аңсағаным!
Сол бақыт, асыл арман
Туында! Жар саламын!
Бай елім,
Жаса, жерім менің,
Жаса, Қазақстаным!





Пікір жазу