30.05.2022
101
Бір сәт бағың тайған соң ұғынасың...
Бір сәт бағың тайған соң ұғынасың,
Амалсыздан аяққа жығыласың,
Маңайыңнан кешегі жолдас қашып,
Өңашада ойыңмен сығыласың.
Ұштығын да таба алмай сандаласың,
Арқа сүйер танысқа сан барасың.
Сонан кейін жауығып дүниеге,
Жолатпайсың маңыңа жан баласын.
Күндер өтіп жатады сырғақтаған,
Күн-күн сайын шығасың бір қақпадан.
Көрші-қолаң күбірлеп карар бір күн,
Тал бойына жел тұрмай бұлғақтаған.
Жігітсің бе жығылып, сүрінгенде,
Жат түгілі, жарыңа сырың берме.
Өзге емес, көр бәрін бір басыңнан,
Несі кетер жұрттың, сен бүлінгенде!