30.05.2022
  120


Автор: Бекен Әбдіразақов

Мұңайғанда

Мынау дүние сұлулығы ұмытылып,
Үміт-арман қанаттары қырқылып,
Сұп-сұр ойлар меңдегенде жанынды,
Ылайланар жүректегі сыр тұнық.
О, дүние-ай, о, баянсыз тіршілік,
Әйел болсаң құшар едім ынтығып.
Құмарлықтың құртын әбден өлтіріп,
Отырар ем сонан кейін қырсығып.
Онан тәтті құбыжықсың құбылған,
Саған теңеу табылмайды-ау ұғымнан.
Жетемін деп жете алмайтын түбіңе,
Мың сан пенде қан мен сөлі сығылған.
Не заманнан шөлі қанбай ұмтылып,
Келеміз ғой бір жығылып, бір тұрып,
Сәт туғанда жер қаптырып жөнейсің,
Сайқалдардай сылаң қағып, бір күліп,
О, баянсыз тіршілік!





Пікір жазу