30.05.2022
  108


Автор: Бекен Әбдіразақов

Періштедей ақпын деу күпірлік қой...

Періштедей ақпын деу күпірлік қой,
Доңыздықтан сонда да шүкірлік қой.
Жігіттіктің желімен желе жортып,
Қарсы соққан дауылға түкірдік қой.
Бұл тірлікте талай-ақ ойқастадық,
Жырмен, гүлмен талайға ой тастадық.
Желеу етіп картаны қонып қалдық
Бұл күндері, үй күшік болып та алдық.
Ойлар, ойлар кеткенде шым батырып,
Үй салғандай боласың құмда тұрып.
Шаңырақты шайқалтпай ұстап қалған,
Өз жарымның қылығы шын батырлық.





Пікір жазу