30.05.2022
  76


Автор: Бекен Әбдіразақов

Шарт сынды аспан оқыстан..

Шарт сынды аспан оқыстан,
Әйнегім быт-шыт болғандай.
Дәулер ме гүрзі соғысқан,
Мертікті қайсы сормандай?
Алаңдап көңіл осылай,
Қараңғы түнге қарасам,
Нөсерлеп, жаңбыр жосыды-ай,
Тынысы неткен тамаша!
Сұлулық көзге көрінбей
Шомылып түнде жатқандай.
Елестеп ару өрімдей
Жүректе бір таң атқандай.
Көктемнің, ойхой, нөсері,
Көңіл де, көк те өседі.
Оралып жастық кешегі,
Жаның бір өмір кешеді!





Пікір жазу