30.05.2022
119
Бүршігін жарды қайың да...
Бүршігін жарды қайың да,
Көңілім бірақ бүр атпай,
Отырмын малтып уайымға,
Имиген жалғыз сұрақтай!
Өзіңсіз өткен көктемдер
Көріксіз жадау қалпымен,
Тіріліп қайта, өткеннен
Келгендей мезгіл салтымен.
Шашыма бір тал ақ кіріп
Ғұмыр да бір жас ұзарды,
Гүлдеген маған бақ күліп
Тұрғандай бетім қызарды.