30.05.2022
  93


Автор: Бекен Әбдіразақов

Шақырды мені жұлдыз аспандағы...

Шақырды мені жұлдыз аспандағы,
Шақырды мені көлдің қасқалдағы.
Көңілім қыран құстай қанат қағып,
Тәбетім тартпай қойды асқа алдағы.
Жазықта дедектеген дуадақтай,
Қашты ой жанымды бір уалатпай.
Жүрек те сылаң қаққан арман құсын
Еліккен жас мергендей қуады, атпай.





Пікір жазу