meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  30.05.2022
  141


Автор: Бекен Әбдіразақов

Түн

Мақпал түн, құшағың жылы екен,
Салқын деп шошынған кім екен?
Қандай жан адасып жүр екен?!
Мақпал түн... Ай нұры көгілдір.
Мақпал түн, құшағың нұр екен,
Төгілді тозаң боп күмістей.
Қарасам, жерім – нұр, көгім – нұр,
Құлпырған пүліштей.
Мақпал түн, махаббат айдынын
Жүректер аққудай сызады.
Қанат қып жас арман жайды үнін,
Қыз әні қалықтап ұзады.
Мен тұрмын жанымда жырым бар,
Көңілім өжет те, жасық та...
Сол жырда нұрың бар, сырың бар
Сый етіп тартатын ғашыққа!





Пікір жазу