30.05.2022
159
Жігіт еді қылыштай қынаптағы...
Жігіт еді қылыштай қынаптағы,
Жанбай қойды пақырдың, бірақ бағы,
Жалтылдаған жанары нұр шашатын
Алтын баулы сырғадай құлақтағы.
Жата қалып жұрт күлді қылығына,
Қыстырмады ол сабаз жұлығына.
Тентек сұрлау теңселіп жүрсе-дағы,
Түкірмеді ешкімнің құдығына.
Ол өмірге өлердей құштар еді,
Өмір үшін отты да ұстар еді.
Кең дүниені тарсынып қыран жүрек,
Қай-қайданы бетке алып ұшты әдейі.