29.05.2022
  103


Автор: Бекен Әбдіразақов

Бұлттармен егес

Жанымды жүрген мендетіп,
Соңымнан пыш-пыш сөз көп те,
Қара сел құйып желдетіп,
Балшықтай мені езбек пе?
Көңілімнің көгін тұмшалап,
Көңілсіз бұлттар көшіп жүр,
Ақ күнді мықтап құрсап ап,
Алмақ па қайдам өшін бір.
Бұлттар-ай, суық бұлттар-ай,
Жауса да мұздай жаңбырың,
Тамшысын тоя ұрттамай,
Жарқырар емес жан нұрым!
Долдана, қалай тек мейлі,
Жалқындап тұрған бір шағым!
Жанымда жылдар көктейді,
Жүректе жанып тұрса күн!





Пікір жазу