29.05.2022
76
Дала құйыны
Пері ме, әлде шайтан ба,
Даланың шолжаң құйыны.
Ойнақтап шығып қайқаңға,
Құлдырап түсті ойпаңға.
Етегі жерді сыпырып,
Төбесі көкті тербетіп,
Жеп қояр жандай жұтынып,
Билейді құйын құтырып.
Бишідей аққу білекті,
Дүбір сап сақи далаға,
Онсыз да асау жүректі.
Тулатуменен күні өтті.