29.05.2022
147
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-05-30-00-49-58.png)
Алатауға асығам
... Бұлаққа түсіп бұлқынған,
Сіміре ішем тойғанша.
Іштегі мешкей құлқыннан
Жуылып кетер ой қанша...
Тіземді тасқа сыдыртып,
Төбеңе терлеп шығам да,
Көңілді көлбей қыдыртып,
Көз салам қиыр шығанға.
Әлемді көріп зор мына,
Мен саған алғыс айтамын.
Жүрегім түсіп орнына,
Ысқырып үйге қайтамын.