29.05.2022
  88


Автор: Бекен Әбдіразақов

Шақырдың мені...

Шақырдың мені,
Шөліркеп әлде қалдың ба?
Қарлығашыңдай ұшайын.
Шақырдың мені,
Сағынып еске алдың ба?
Сағынышың боп құшайын.
Шақырдың мені,
Бекенің болып бардым да,
Иіскедім қолаң шашыңнан.
Жымиып тұрып алдымда,
Шаттықтан талып қалдың ба?..
Сүйе бердім көзіңнен аққан жасыңнан.





Пікір жазу