29.05.2022
  129


Автор: Бекен Әбдіразақов

Ер кісі жыламайды, жабығады...

Ер кісі жыламайды, жабығады,
Жүреді қабақ солып, жабық әрі.
Әйелдер мұңын сығып көз жасымен
Өлшейді бар дүниені өз басымен.
Сенің де көзің түсіп қабағыма,
Кептеліп қалды түйін тамағыңа.
Жаутаңдап жалтаң-жалтаң қарай бердің,
Дегендей бұрын дәйім арайлы едің.
Айырған қайғы-мұңның кім арасын?
Көрмеші көңілімнің кінәрасын.
Жүздерің сынық жүрсе жер үстінде,
Тарылып кетер, жаным, өріс мүлде.





Пікір жазу