29.05.2022
  100


Автор: Бекен Әбдіразақов

Алматыда сұлулар көп

Япырай, жанарыңның жауын алған,
Жауғандай сұлулықтың жауыны алдан.
Мұншама Ай толқынды аруларды
Алматым қайдан ғана тауып алған!?
Аққу көш – ақ үкілі ақша бұлттай
Келді ме арман атты патшалықтан?
Жоқ,елде жаралды ма жалын жүзді
Даламда жосып жүрген ақ шабыттан?..
Балтыры қанжарындай бабалардың
Жарқылдап жүріп өтсе – жараландың.
Жанары жұтып қояр тұңғиықтай
Өзі ме күліп тұрып жан алардың?..
Сап, көңілім, сұқтанудың керегі не,
Сылқым ғой Алматымның терегі де.
Құдайда да сұлулықты сұлу жерге
Біржола үйіп-төгіп береді де.





Пікір жазу