29.05.2022
115
Ана жақта жақсы! - деп иегіңмен...
Ана жақта жақсы! - деп иегіңмен,
Күнбатысты көрсетсең – күйемін мен!
Ауып келген тәрізді сол бір жақтан
Ата-бабаң баяғы түйе мінген!
Құндаққа алып, кім сенің көзіңді ашқан?
Дала – жайсаң, үстінде төзімді аспан...
Лақтырар ем желкеңнен сығымдап ап,
Мен жер болсам, паңсынып өзің басқан!..