29.05.2022
  111


Автор: Бекен Әбдіразақов

Әкем байғұс аттаныпты

Әкем байғұс аттаныпты
Жиырма сегіз жасында.
Жыл зілімен тапталыпты,
Белгі қалмай басында.
Елге барсам жым-жырт болып,
Аралаймын зиратты.
Қыр басына бір жұрт қонып,
Не жайсаңды жинапты.
Белгісі бар, белгісі жоқ –
Бәрі марқұм бір адам.
Тірі жанның келгісі жоқ,
Оларды іздеп жылаған.
Оқта-текте зираттарды
Аралайды өзімдей.
«Қабырғамыз қирап қалды»,
дегенін де сезінбей.
О, тіршілік, зымыраған
Түбіңе кім жетеді?
Мың жасасын, ғұмыры адам
Өкінумен өтеді...





Пікір жазу