29.05.2022
112
Әйел жүзіп барады теңізбенен...
Әйел жүзіп барады теңізбенен,
Жауырынында сәулелер секектейді.
Алтын балық болар ма мен іздеген,
Жүрек тарпып соңынан жетектейді.
Қос білегі жалтылдап ақ күмістей,
Сүңгітеді толқынға нұрды уыстап.
Бақытымның талайын бақтым іштей,
Жанымды әрең кеудемде тұрдым ұстап.
Әйел жүзіп барады теңізбенен,
Нұр ойнатып баршаның жүрегінде.
Бақ жұлдызы болар ма жер іздеген
Деуші еді ғой, бақ ана тілегінде.