29.05.2022
  116


Автор: Бекен Әбдіразақов

Шағала

Шағала, ақ шағала күміс қанат,
Төсінде ақ шалқардың тыныстамақ.
Батыстан шаңғытып бұлт келеді әне,
Со бұлтты үріккен қойдай кім ұстамақ?!
Езуді жиып болмай соқты дауыл,
Япырмай, күтпеді ме оқты жауын.
Аћылап, ућіледі айбынды Арал,
Шойырылып, көтере алмай соққыны ауыр!
Шағала айбар беріп шаңқылдайды,
Дүлейде отты ұшқындай жарқылдайды.
Толқындар жолбарыстай ызаланған
Жағаны атылып кеп алқымдайды.
Сыпсыңдап ақ шағала шошынбайды,
Толқынға мысықша атқан тосылмайды.
Теңізғе жырын жырлап, дауылда ойнар,
Кім көрген жүрек жұтқан осындайды!
Шағала, ақ шағала күміс қанат,
Десем мен: үріккен бұлтты кім ұстамақ?
Сен екен ақ Аралдың бұлбұлы да,
Сен екен дауыл тілген құрыш қанат!





Пікір жазу