29.05.2022
  113


Автор: Бекен Әбдіразақов

Жалғыздық жеп қойды ғой буын құрттай...

Жалғыздық жеп қойды ғой буын құрттай,
Күн сайын семіп барам уын да ұрттай,
Мерекем өзімменен бірге жүрген
Жігіт ем бұрқыраған буым бұлттай.
Жан қамау – түнеріңкі төңірегім,
Селеуден сүйеу іздеп емінемін.
Түк таппай қаратастай қалдым қатып,
Мен кеше қауырсындай жеңіл едім!
Өткердім бұ жылдың да ұзақ түнін,
Ұлғайып жүректегі сызат бүгін!
Дөңбекшіп бұл әлемге сыймай жаттым,
Шынымен кетіп қапты-ау ұзап күнім!





Пікір жазу