29.05.2022
  120


Автор: Бекен Әбдіразақов

Түс көріп ем тым қызық шілдеде мен...

Түс көріп ем тым қызық шілдеде мен,
Желтоқсанның басында гүлдеген ем!
Жори алмай, сақтағам құпиямдай,
Жұрт естісе, тиеді тіл деген ем!
Тағдырымның сол кезгі таласында,
Ақ киімді адамдар арасында,
Ақ қағазға қып-қызыл сияменен
«Желтоқсан!» деп қол қойғам, нанасың ба?
Бүгін, міне, желтоқсан өзім күткен,
Кеткендей ме бытырап сезім біткен...
Бесін ауып барады ақырындап,
Мен де шыдап отырмын төзімдікпен!
Өз отауым жып-жылы сол баяғы,
Көкірегімде көп үміт қол жаяды.
Елеңдеймін, жетердей бір жақсылық
Жерге тимей жүгіріп қолды-аяғы!
Қандай бақыт, үйіңде нұрлы үмітпен
Ашылатын жанында сырды күткен!..





Пікір жазу