29.05.2022
75
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-05-30-00-49-58.png)
Тірілтердей қауқар жоқ қайраттанған...
Тірілтердей қауқар жоқ қайраттанған,
Жүректің де жүрісі жайлап талған.
Жан сарайым опасыз соққыдан бір
Хиросима дерсің-ау жайрап қалған.
Өмір болды-ау ұлардай ұрандасқан,
Бәрі бүгін мүләйім Құранды ашқан.
Кімге сенем, қаптаған құзғын болса
Бір кездегі ақиық қыранды аспан?!