29.05.2022
119
Ой түбіне мың батып, мың шығамын...
Ой түбіне мың батып, мың шығамын,
Шетсіз, шексіз әлемде тұншығамын.
Түпкі аспандай жанымда жамырайды,
Бірі жанып, бірі өшіп мың шырағым.
Аққан жұлдыз – көз жастың ыршығаны,
Тамған жерден қып-қызыл гүл шығады,
Өшеді де таң ата түн шырағы,
Жүрегімнен аумаған Күн шығады.