29.05.2022
  137


Автор: Бекен Әбдіразақов

Қызықпаймын қадірсіз бұл ғұмырға...

Қызықпаймын қадірсіз бұл ғұмырға,
Байланған соң босатпайтын шығырға.
Күннен-күнге қылғындырды шылбыры,
Болғандаймын бұ тірліктен ығыр да!
Бас амандап қай қуысқа тығылам,
Құтылмаймын тажалымның сұғынан.
Соңғы кезде соны сезіп сорлап мен,
Ессіз-түссіз кешкісін кеп жығылам.





Пікір жазу