29.05.2022
  128


Автор: Ескен Елубаев

ЖАНАШЫР

«Аяз болса, ызғарлы, –
Деп, – Күшiгiм мұздайды», –


Бүгiн Есен кiшкентай
Күшiгiне жүз барды.
«Жылы болса төсегi –
Тез жетiлiп өседi».
Кəшек шөптi
Қалың қып,
Астына əкеп төседi.
Еш нəрседен ұтылмас,
Қолға түсiп тұтылмас.
Бұл мүттəйiм Есеннен
Амал қашып құтылмас.
«Басым сынып күйiп тұр,
Iшiм қатты бүрiп тұр...» –
Демiл-демiл далаға
Есен шығып-кiрiп жүр.
«Iше алмады-ау тамағын,
Айналайын, қарағым...» –
Деп анасы салдырлақ
Шытып отыр қабағын.
– Əй, апасы, шошыма,
«Ауырғаны» осы ма?
Қулық жасап,
Нан тасып,
Жүр ол күшiк досына.





Пікір жазу