29.05.2022
  102


Автор: Ескен Елубаев

СОМПАЙ ДЕГЕН НЕМЕНЕ?

Қайсыларың бiлетiн,
Сомпай деген немене?
Келеке ғып күлетiн
Мағынаға келе ме?
Бiлмесеңдер ондайды,
Мен айтайын сомпайды:
Бiздiң жақта «Сомпай» деп
Мыналарды айтады:
Iске аспай жататын
Көшедегi сондай көп,
Iрi малдың айтады
Асықтарын «Сомпай» деп.
Тағы бiлем сомпайды,
Сол асықпен еншiлес,
Əр класта екi жыл
Оқымай көңiлi көншiмес,
Орынбайдың Тұрашы
Жүретұғын жын құсап,
Ол оқитын кластың
Балалары тым ұсақ.
Ал, ол болса, бiп-биiк,
Сорайған зор тұрқы бар.
Тұратұғын үрпиiп
Ата-сақал мұрты бар.
Сомпай асық сияқты
Икемсiз-ау сондай деп.
Мазақ қып ел Тұрашты,
Атап кеттi «Сомпай» деп...





Пікір жазу