29.05.2022
99
Естісек те атамаған атын біз
Естісек те атамаған атын біз
Алыптарды аршып алып жатырмыз.
Тұсік тастап тепкілетші бұйірден,
Байы өлгенсін шаптыгатын қатынбыз!
«Бас кессе де, тіл кеспек жоқ» дегенді
Айқайладық, қырып болып көгенді.
Қалғанына береке деп бата қып,
Шұлғып жүрміз, ұяламын, тегі, енді!
Жерден жеті қоян бүгін тапқандай,
Бөйге қайсы ала өкпе боп шапқандай?!
Шыңғыстауда сасық аспан, Арал мерт,
Мұхтарым жүр жанын отқа жаққаћдай!
Талма тұсте тамыз күнді жасырған,
Қайран жұртым, ойран бұлтың басыңнан.
Көшетін де болган жоқ па, қарашы,
Қашанғы ізсіз қаласың сен ғасырдан?!