29.05.2022
103
Қастерлеген қасиет құны қалмай...
Қастерлеген қасиет құны қалмай,
Дүние дал, мен де дал, ұғына алмай...
Кешегі жау арқадан қақса бүгін,
Болашақтың білмедім күні қандай?!
Қазынамды үптеген ұры бардай,
Тани алмай сорладым сұры қандай?
Тентіреткен талайды тантықтар ма,
Жүрген әлі кешегі жаны қалмай?
Ата-баба атына тіл тигізген,
Күн туды ма айтақтап ит үргізген?..
Менің момын ұрпағым жалтақтайды,
Тағы тартып кеттік пе құйтырлы ізбен?