29.05.2022
179
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-05-30-00-49-58.png)
Досым жоқ, жолдасым аз, жоралар көп...
Досым жоқ, жолдасым аз, жоралар көп,
Дос болса, тағдыр басқа жол алар ма ед?!
Қайтадан басын құрар дос-жаранның
Жастық шақ ойламаймын оралар деп.
Жазмыштың жазғанына жыламаймын,
Жоқтан бар өлсем-дағы құрамаймын.
Әйтеуір, қосағымның көзі түзу,
Тәңірден басқа бақыт сұрамаймын!