29.05.2022
  97


Автор: Бекен Әбдіразақов

Қу тағдыр жолдан тағы тайқыды ма...

Қу тағдыр жолдан тағы тайқыды ма,
Алмақшы атасының қай құнына?
Тірліктен әрі-сәрі жақсы екен-ау
Тартатын азабыңның айқыны да!
Дәл мендей келеке етпес шайқыны да,
Зар етіп күнделікті шай-пұлына.
Тәңірден сұраңдаршы, жасады екен
Мұншама қасастықты қай құлына?
Түнерген көкжиегім түрілгендей
Болғанда, қара басты бүгін нендей?
Қайтадан сергелдеңге салып қойды,
Кім қалды әділетке жүгінгендей?!
Қайтадан солқылдап тұр қазығым да,
Таусылып бара ма үміт – азығым да?
Баланы бордай тозған болсың деген,
Әкелік айбат қылған жазығым ба?!





Пікір жазу