29.05.2022
  116


Автор: Ескен Елубаев

МЕН НЕГЕ МIНБЕДIМ?

Отыр Өкен есептеп,
Бөлiп жүйе-жүйеге:
«Мiнiп көрдiм есекке,
Мiнiп көрдiм түйеге.
Атты қойшы, ол оңай,
Оған кiмдер мiнбеген?
Автобус та дəл солай,
Онымен кiм жүрмеген?»
Поезд мiндi, құштары
Тарап қала барғанда.
«Ұшақпенен» ұшпадым
Əлi бiр», – деп арманда.
Көкке жетiп қиялы,
Ол армандап жүргенде,
Жұрт алдында ұялып,
Қалатынын бiлген бе?


«Екiсiн» жою қажет, – деп,
Суретiн сап бiр қызық,
Қойыпты оны газетте
Тасбақаға мiнгiзiп.





Пікір жазу