29.05.2022
  86


Автор: Ескен Елубаев

СЕБЕП

Алдым бүгiн «екiлiк»,
Ойламап ем сұрар деп.
Қорықпаймын,
Жекiрiп,
Сонда да апам ұрар деп.
Жазатайым тағы да,
Жыртып алдым жейдемдi.
Апам бүгiн бағыма
Ештеңе де демейдi.
Клубқа да барамын,
Киноны да көремiн.
Əбден ойным қанады,
Сосын үйге келемiн.
Бүгiн еркiн жүремiн,
Сайрандаймын, күлемiн.
Бiздiң үйге,
Себебi,
Қонақ келген, бiлемiн.





Пікір жазу