29.05.2022
113

Таңғы әсер
Алтынмен аптап шыңдарды,
Күміспенен күптеп шатқалды,
Алатау таңы гүл жарды,
Жарылмай жүрек шақ қалды!
Атадан қалған мұрадай,
Тәкаппар қарап тұр қазақ.
Көздері жанып шырадай,
Тандырып естен бұл ғажап,
Қонақтар басын шайқады,
Болмады-ау, сірә, айтары!