meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  29.05.2022
  141


Автор: Бекен Әбдіразақов

Сен күллі қазынам ең, алтыным ең...

Сен күллі қазынам ең, алтыным ең,
Бағалар жүрегімнің жан құнымен.
Қаныммен суарылған сезімімді
Бір остың ашуыңның жарқылымен.
Жүрегім саған әлі кешірімді,
Бар, тербет, бақыт қонған бесігіңді!
Кінәдай қара күйе жағып, бірақ
Жұлқылай берме, сыйлы есігіңді.





Пікір жазу