29.05.2022
  94


Автор: Бекен Әбдіразақов

Қайдам, бекер болды ма жолыққаным....

Қайдам, бекер болды ма жолыққаным,
Қуанышқа аңсаған молықпадым.
Адасып қап тып-тыныш тірлігімнен,
Жұбана алмай, түнімен солықтадым.
Түсімді де пендеге жорытпадым,
Ғайбатынан жұрттардың қорықпадым.
Дәуренімнің дөңгелеп өткенін де
Сезсем-дағы селт етіп торықпадым!
Еліктірген арман да бос қиялдай,
Деп жүрсің бе көңілін қосты ұялмай?!
Хан Тәңірінің қызына көзім түсіп,
Айып па екен қалғаным ес жия алмай?!
Күлерсің сен құрбыңмен жымыңдасып,
Өкінбеймін айтқанға сырымды ашып.
Гүлім, сенбе сенбесең көңіліме,
Ақын – сәби, мен емес, жырым ғашық!





Пікір жазу