29.05.2022
  94


Автор: Бекен Әбдіразақов

Таң келеді сәулесін сібірлетіп....

Таң келеді сәулесін сібірлетіп,
Жүрегіме қайдағы дүбір жетіп.
Тәтті ұйқысын ұрлап ап тәтті қиял
Қойдың, гүлім, ақынды күбірлетіп.
Түсіме ендің тағы да таң атпастан,
Періште ме ең ақ нұрмен қанаттасқан, –
Құшағыңа ғажайып сырға толы
Бұл жалғанда жан білмес жаннатты ашқан?!
Келші, жаным, арман жоқ соны көрсем,
Бір түндік боп қойныңа қонып өлсем...





Пікір жазу