29.05.2022
103
Күз жанары жасаураған...
Күз жанары жасаураған,
Жалынышпен қарай ма –
Қыз әлемін жасаулаған
Көзі қимай қалайда?
Алай-түлей асау ғалам,
Сырын бұзар сәт туды.
Жүрегімен тас аунаған
Ұзатады аққуды.
Арманды ару құшағындай
Айдын төсі аңырап,
Сағынышы ұшарында
Шайқалады шаңырақ.
Күйзелемін күздей мен де,
Сырым, сыным кеткесін.
Бірақ жарды сүзбей пенде,
Сүйретеді өкпесін...