29.05.2022
176
Қайырыммен күтемін қазан айын...
Қайырыммен күтемін қазан айын,
Өткен жазды несіне азалайын.
Қазан ұрған бау-бақша шіріндісін
Топырағыма сіңірмей, тазалайын!
Жаңбырлатып жуайын жарық барда,
Көлкіп ақсын көзімше арықтарда.
Қыс көсілер кешікпей ақ көрпелі,
Сықырлатып сүйегін жалыққанда...