29.05.2022
  108


Автор: Бекен Әбдіразақов

Апыр-ау, несі сонша күйе кетті...

Апыр-ау, несі сонша күйе кетті,
Бұ тағдыр тегіс жерде-ақ үйелетті!
Сығымдап сөлді сорып, жүрелетіп,
Боршалап боліп қойды сүйек-етті.
Тән жүдеп, жан жүдемей бұл қысымға,
Жүректің асаулық бар бұлқысында.
Елуде екі бүктеп қылғытардай,
Құдайдың арам ниет құлқы шын ба?
Мен емес, көне қояр оңайлықпен,
Өмірде қарақшы көп жолай күткен.
Соңғы демім таусылғанша белдесемін,
Кім болсын, өз мінезім солай біткен.
Жетеді қатыгездік, қайраттылық,
Жүрсем де жұрт ішінде жайнап күліп.
Ұстассам, жұлынған қол кетер белде,
Әйтпесе, мен қалармын жайрап, құрып!
Ер жігіт екі туып, екі өлмейді,
Бұ тағдыр босқа ұшынып, секеңдейді.
Рухым жер астынан жарып шығар,
Дүниеден кетсін бүгін Бекен мейлі!..





Пікір жазу