29.05.2022
108
Өмірдегі құлауың – құз емес қой,
Өмірдегі құлауың – құз емес қой,
Көңілдегі жылауың – қыз емес қой.
Күл-талқаны шығатын қолдан түссе,
Бір жапырақ жүрегің – мұз емес қой.
Кернеуі отпен керілген қан тамырың,
Көне қоймас күшіне балталының.
Жанындағы жұлдызды ант-арманың
Кете бермес қойнында қалталының.
Жан шығарда мал да аяқ серпеді ғой,
Күні кеше жүрегің ерке еді ғой.
Құлап тұрып, жыласаң айып па екен,
Сені өртесе, сатқындық өртеді ғой!
Жүрегіңнің тақ тұрып бұйрығына,
Тағдыр-иттің бір теуіп құйрығына,
Мойнын жұлып әтештей алмайсың ба,
Жүрек жұтқан жігіттей сыйлығына!